Акцияға  Ақмешіт ауылының әкімі Айдос Акашевтың  бастауымен ауыл әкімшілігінің аппараты, ауылдық дәрігерлік амбулатория, С.О. Талжанов атындағы мектеп, Мәдениет үйінің ұжымы  түгелдей сенбілікке қатысып, өз мекемелерінің айналасын тазартумен қатар, өздеріне бекітіліп берген көше учаскелерін тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 
«Ауылын көріп, азаматын таны» деген қағиданы еске ұстай отыра, ауылымыздың әрбір  азаматы өз аулаларын, үй маңдарын қыста жиналған күл- қоқыстардан тазартуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге туың тік» бөлімінде көрсетілген ұстанымдардың бірі ауылымыздан көрініс тапты.  Жеңіс саябағының маңын қыстан қалған күл - қоқыстан тазартумен қатар ауыл азаматтары, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің немерелері қазірде өмірдің ағымымен еліміздің өркендеу жолында еңбек атқарып жүрген  Ерлан, Нұрлан Намысовтар, Романюк  Виталий, Шубин Олег,  Тусупов Армандар ауылға деп арнайы қарағай ағашының көшеттерін жеткізді.  Ауыл болып шыққан сенбілік барысында осы азаматтардың әкелері Д.Намысов,         Р. Романюк, В. Шубиндер және зейнеткер ұстаздар Рахимова Қарлығаш Какибайқызы мен Смагулова Рысты Ахмедияқызы да көпшілікпен игі шараға атсалысып, «Жеңіс» саябағына қарағай көшеттерін отырғызды.
    Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері мен жұмыс-шылары  саябақ айналасын  тазалап, сылап, сырлау жұмыстарын жүргізуде. «Альдеран» шаруа қожалы-ғы  осы отырғызылған көшеттердің жайқалып кетуіне, күнделікті суаруына қажетті құрал - жабдық-тармен қамтамасыз етті. 

Осы ауылымызды көркейтуге атсалысып жүрген азаматтарымызға алғысымыз шексіз. «Көп түкірсе – көл» деген. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Н.М. Сүлейменова
Ардагерлер ұйымының
төрайымы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial