Балалар жылы аясында Қарағанды қаласында тоғызқұмалақтан облыстың жекелей чемпионаты өтті. Сайысқа қатысқан ұшқыр ойлы жерлестеріміз Жанабекұлы Заңғар мен Марат Жанарыс жеңіс тұғырынан көрінді.

 Ауданның намысын  Нұра кентінің Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұлттық спорт  тоғызқұмалақтан дәріс алып жүрген оқушылары қорғаған.  Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған мектепте жаттығып жүрген жас спортшылардың айдарынан жел есіп, жеңістің жалауын желбіретіп жүргенін күнделікті жаңалықтан құлақдармыз. Бұл туралы осы мектептің жаттықтырушысы :

  —  Тоғызқұмалақ ойыны алдымен бала бойында шыдамдылықты, ұқыптылықты тәрбиелейді. Сонымен қатар ойдың ұшқырлығын ұштайды. Тоғызқұмалақтың әр тасын санасында сапырып санау арқылы стратегиялық тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Бұл тек ойын барысында емес, өмірде де өте қажет дағдылар. Мектебіміздің әр жеңімпазының артында бапкерлер жағынан да, жас спортсүйер оқушы жағынан да үлкен еңбек жатыр. Ойын баласы ойынды емес, спортты таңдап, сол арқылы тамшыдай болса да туған жерге еңбегін сіңіріп келеді.  Біз Кенжехан  Әділбек , Марат Жанарыс,  Сағындыкұлы  Шапағат,  Махметов Айтбек,  Бейсенбекова Айару,  Кашкенбаев Дінмұхаммед,  Жанабекұлы Заңғар,  Шемберецкая Полина сынды осы жарысқа барған мектеп оқушыларымен мақтанамыз,-   дейді бапкерлері Мади Тураров.

   Облыс деңгейінде өткен  жарысқа 150-ден астам бала қатысқан.  Жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлініп, тоғызқұмалақ ойынының көрігін қыздырған.   Біздің ауданнан барған балалар арасында 9-15 жас аралығындағы спортшылардың әрқайсысы 7 қарсыласын тізе бүктіріп,   ойынның ақтық мәресіне дейін жетіп,  жүлделі ІІІ орынды иеленген. 

 Қарағанды облысының жекелей чемпионатының жеңімпаздары Жанабекұлы Заңғар мен Марат Жанарыс тоғызқұмалақ спортымен жаттығып жүргендеріне үш жылдың жүзі болған. Спортшылардың облыстық деңгейде өткізген алғашқы додасы олжалы болды. Мақсаттары — жүлделі І орыннан көріну. Оған бойдағы күш-жігерлерін салып, бүгіннен дайындық барысына кірісіп те кеткен.

Олжас Бексұлтанов

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial