Департаментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области в 2025 году проведен аудит финансовой отчётности трёх администраторов бюджетных программ и их подведомственных организаций (ГУ «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Карагандинской области», ГУ «Управление ветеринарии Карагандинской области», ГУ «Управление информатизации, оказания государственных услуг и архивов Карагандинской области», а также КГУ «Единый координационный центр государственных учреждений Управления информатизации, оказания государственных услуг и архивов Карагандинской области»).
В ходе аудиторских мероприятий проверены вопросы полноты отражения активов, обязательств и чистых активов (капитала), правильности учета движения денежных средств, достоверности дебиторской и кредиторской задолженности, а также закрытия счетов доходов и расходов и иных финансово-хозяйственных операций, совершенных в отчетном периоде.
Аудитом в режиме реального времени охвачены средства в сумме 73,3 млрд тенге, что составляет 8,7 % валюты баланса областного бюджета. По результатам проверки установлены нарушения порядка ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности на общую сумму 79,4 млн тенге. Из них финансовые нарушения составили 64,6 млн тенге, в том числе подлежащие возмещению в бюджет — 62,1 млн тенге, восстановлению по учету — 2,4 млн тенге. Нарушения процедурного характера составили 14,8 млн тенге.
В ходе аудита с учетом внесенных исправлений и корректировок в доход бюджета возмещено 6,6 млн тенге, по бухгалтерскому учету восстановлено 2,4 млн тенге.
Анализ выявленных нарушений показал, что наиболее распространенными остаются факты неправильной классификации активов и необоснованного списания основных средств. Кроме того, установлены отдельные факты использования бюджетных средств не по назначению, в том числе направление средств на погашение налоговой задолженности вместо приобретения топлива, а также случаи оплаты расходов до вступления договоров в законную силу.
Аудит финансовой отчетности направлен на обеспечение достоверности данных и предупреждение нарушений. Такой формат работы позволяет своевременно выявлять и устранять искажения еще на стадии формирования отчетности.
Применение превентивного подхода дало администраторам бюджетных программ возможность оперативно устранить выявленные недостатки, что способствовало снижению рисков нарушений бюджетного законодательства.
По итогам аудита по трем администраторам бюджетных программ приняты положительные аудиторские отчеты. Также выработаны практические рекомендации, направленные на повышение эффективности управления государственными ресурсами и качества ведения бухгалтерского учета.
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылы үш бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізді (Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ, сондай-ақ «Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ).
Аудиторлық іс-шаралар барысында активтердің, міндеттемелердің және таза активтердің (капиталдың) толық көрсетілуі, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың дұрыстығы, дебиторлық және кредиторлық берешектің дұрыстығы, сондай-ақ кірістер мен шығыстар шоттарының жабылуы және есепті кезеңде жүргізілген өзге де қаржы-шаруашылық операцияларының дұрыстығы тексерілді.
Нақты уақыт режимінде жүргізілген аудитпен 73,3 млрд теңге көлеміндегі қаражат қамтылды, бұл облыстық бюджет балансының валютасының 8,7%-ын құрайды. Тексеру нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін бұзудың жалпы сомасы 79,4 млн теңгені құрады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 64,6 млн теңгені құрады, оның ішінде бюджетке өтелуге жататын қаражат — 62,1 млн теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома — 2,4 млн теңге. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 14,8 млн теңгені құрады.
Аудит барысында енгізілген түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджет кірісіне 6,6 млн теңге өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша 2,4 млн теңге қалпына келтірілді.
Анықталған бұзушылықтарды талдау активтерді дұрыс сыныптамау және негізгі құралдарды негізсіз есептен шығару фактілерінің неғұрлым кең таралғанын көрсетті. Сонымен қатар бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану бойынша жекелеген фактілер, оның ішінде отын сатып алудың орнына қаражатты салық берешегін өтеуге бағыттау, сондай-ақ шарттар заңды күшіне енгенге дейін шығыстарды төлеу жағдайлары анықталды.
Қаржылық есептілік аудиті деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жұмыстың мұндай форматы есептілікті қалыптастыру кезеңінің өзінде бұрмалаушылықтарды уақтылы анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Превентивті тәсілді қолдану бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне анықталған кемшіліктерді жедел жоюға мүмкіндік берді, бұл бюджет заңнамасын бұзу тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті.
Аудит қорытындылары бойынша үш бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша оң аудиторлық есептер қабылданды. Сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін және бухгалтерлік есепті жүргізу сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.