Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында кертінділік Қоқанов Асығат Қасенбайұлы Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін «Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 1дәрежелі дипломмен марапатталды.
-Болашақ жастардікі, аға ұрпақ бар екенімізді көрсетіп, өскелең ұрпақ бойына қазақ халқының ұлттық өнерін, қазақтың күмбірлеген күйін, ұлттық салт-дәстүрін сіңіру басты мақсатымыз болуы тиіс деп білемін, — дей келе, — ұстаздық пен өнердегі адал еңбегімнің жеңісі наурыз мерекесіне тарту болмақ, — деп тоқталды. Ұлттығымызды ұлықтайтын ұлағатты істеріңізге жеміс тілейміз!

Нұрыш Нақыпова

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial