Қарағанды облысында 5 ақпанда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз Қоғам» жобасы басталады. Оның қатысушылары бес күн ішінде отбасылық бюджетті басқаруды, кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді үйренеді, заңды қолдау алады.

Сондай-ақ, олар шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы біледі, гранттар конкурстарына қатысу үшін бизнес-жоспар құруды үйренеді, борыштық жүктемені жеңілдету бойынша практикалық кеңестер алады.

— «Қарызсыз Қоғам» республикалық жобасы аясында өңірде бір жыл ішінде 9 мың адамды оқыту жоспарлануда. Оқыту ағындарға бөлінеді. 5 ақпаннан бастап курстар Қарағандыда, 12 ақпанда Теміртауда басталады. Содан кейін оқыту облыстың басқа қалалары мен аудандарында өтеді, — дейді жоба тәлімгері Әсел Атабаева. — «Қарызсыз қоғам» мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесу.

«Қарызсыз Қоғам» бес күндік курстарында оқу үшін Amanat партиясының филиалдарына немесе қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жүгіну қажет. Курстарды қаржылық-экономикалық білімі бар және аудиториямен байланыста бола алатын сарапшылар жүргізеді.

— Оқу 09:00-ден 13:00-ге дейін созылады. Барлық ниет білдірушілер қатыса алады, бірақ біздің міндетіміз мүмкіндігінше несие бойынша үлкен қарызы бар адамдарды көбірек қамту, — деп атап өтті Әсел Атабаева. — Олар несиелерді мерзімінен бұрын өтеуді, инвестициялауды, қаржы пирамидаларын және интернет-алаяқтықты ажырата білуді үйренеді, банкроттық шарттар туралы біледі. Биылғы жылы «Қарызсыз Қоғам» жобасын екінші деңгейдегі 11 банк қолдады. Яғни, біздің заңгердің көмегімен олар өздерін несиелік құлдыққа түсірген азаматтарға көмектесуге дайын.

Курстардың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары үшін әдістеме мен оқу құралдарын әзірлеуді, қаржылық сауаттылық бойынша ІТ-білім беру платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаржы заңнамасын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар дайындап, оны ҚР Парламенті Мәжілісіне жолдайды.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial