Нұра кентінің Мәдениет үйінде  Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Ардагерлер майдангер  замандастарымен кездесіп,  ауыр естеліктерімен бөлісті.

   Салтанатты шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Қ.Шабанбаев ардагерлерді аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтің атынан құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

     Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.  

  Ауған  даласындағы  жұмбақ  соғысқа  біздің  Нұра  жерінен 96 жерлесіміз шақырылып, оның төртеуі: Қадырбай Сембаев, Петр Резник, Николай Плешаков,  Анатолий Дымнич  елге табытпен оралған.

  Қаза тапқан боздақтардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол туралы бұл жиында да айтылды. Сонымен қатар  Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын еске алып, мәңгі жас кейпінде қалған  майдандас достарын  елі ұмытпай,  бүгінгідей шарада еске алып отырғанына ризашылық білдірді, ардагелер атынан Е.Мұхамеджанов. 

  Салтанатты  шарада  қорғаныс  бөлімінің  басшысы,  подполковник Әбішев  Азамат  Қайыргелдіұлы   Ауған соғысының басталу себебі мен он жыл ішінде жүргізілген жұмыс барысы туралы баяндама жасады. 15 ақпан — Ауған жерінде соғыстың аяқталуымен қатар,  елге табыттағы солдаттардың келуінің тоқтаған күні деп, әрі қуанышты, сонымен қатар қан жұтқан қайғыға толы күн екенін атап крсетті.

  Осы мереке қарсаңында аудандық «Ауған жаңғырығы» ән байқауы өткен болатын. Аталмыш шараға қатысып, І орынды жерлесіміз Жандос Жұмаділда, ІІ орынды Айдана Махаметчина, ІІІ орынды Махаббат Балғабай иеленді. Өнерлі нұралықтардың өнеріне баға берген Ауған соғысы ардагерлері жас таланттарды құттықтап, тілектерін білдірді.

Өз тілшімізден

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial