Ауғанстан соғысының жарасы арада уақыт  өтсе де, жазылмақ емес. Әрине, Ауған соғысы туралы әртүрлі пікірлер бар, бірақ қалай десек те, біздің жауынгерлеріміз Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарды.

  Сол   соғысты басынан кешірген жауынгер-интернационалистердің бірі — Көбетей ауылының тумасы Төлеубаев Мадияр Бұғыбайұлы.

  Жыл сайын   Көбетей ауылында Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алып, ардагерлерімізді құрмет тұтып, мектепте, ауылдық кітапханада, Мәдениет үйінде  ауған соғысының ардагері Мадияр Бұғыбайұлымен кездесулер  өткізіп тұрады. Бұл  шаралардың мақсаты өскелең ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа,  патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Биыл да ардагеріміздің құрметіне орай ауылдық кітапхана Ауған ардагері Тулеубаев Мадияр Бұғыбайұлымен  кездесу ұйымдастырды. Осы іс-шараға орай кітапханашылар Тажмағанбетова М.К., Уразбаева К.С. дайындаған  «Бұрынғы тарих – келешек үшін ескерту» атты кітап  көрмесі ұсынылды. Кездесуге  Көбетей ауылының әкімі Нашарбеков Б.С. , ардагерлер кеңесінің төрағасы Рыспаев Е.О., АӘД пәнінің оқытушысы Кусаинова А.К. және т.б. қонақтар шақырылды. Іс-шараны жүргізген  Мәдениет үйінің меңгерушісі Салимжанова Қ.Ғ. мен кітапханашы Тажмағанбетова М.Қ. Ауған соғысы жайлы деректер айтып, бір сәттік үнсіздік жариялады. Ауыл әкімі Нашарбеков Б.С.  ардагерді құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізіп, сыйлық тапсырды. Ардагерлер  кеңесінің төрағасы Рыспаев Е.О.  сол қырғыннан аман-сау оралған, бүгінде арамызда жүрген интернационалист-ардагеріміз Мадияр Бұғыбайұлының жанұясына мықты денсаулық, отбасылық бақыт тіледі.

  «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жас шағын оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен еліне аман- сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, сұхбаттасу —  біз үшін бір ғанибет.

 Құрметті Ауғанстан соғысының ардагерлері, Сіздерге ұзақ ғұмыр, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық, бейбіт өмір болсын!

 М.К. Тажмаганбетова

 Көбетей  ауылдық

кітапханасы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial