Нұра ауданының жас боксшылары Қарағанды қаласының  Геннадий Головкиннің «GGG» спорт кешенінде өткен жолдастық кездесуге қатысып келді.

 Бұндай кездесулер жас боксшылардың өз рингінен бөлек, басқа жекпе-жек алаңына шығып, таныс емес спортшылармен қолғап түйістіріп, бойларын ұрысқа үйретуге жақсы, — дейді бапкерлері Жанболат Имашев. Сонымен қатар  дайын апарған жас өрендерінің өнеріне риза. Жас та болса әр спортшының өзіндік әдіс-тәсілі қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

   Он  төрт салмақ дәрежесі бойынша  өткен жолдастық кездесуге бізден 26 келі салмақта  Аймуханбетов Аян (Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ мектебі),  28 келі салмақта  Шкенов Абылай  (Ш.Уәлиханов атындағы ЖББ мектебі) және    Бекмаганбетов Тимур ( Қарой ЖББ мектебі),    32 келі салмақта Смаилов Ғалымжан   (4-сынып,  М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебі),     34 келі салмақта  Шестюк Герман  (3-сынып,  Ш.Уәлиханов атындағы ЖББ мектебі)  барып қатысқан.

   Әр спортшы екі кездесуден өткізіп, жеңіске жеткен. Соның ішінде Ғалымжан Смаилов екі қарсыласын да ұпаймен емес, нокдаунмен жеңгенін ерекше атап өтті.

 Жарыс  соңында төрешілер алқасының шешімі бойынша, біздің боксшылар  жақсы бағаланып,  жарыс медальдарымен,  дипломдарымен марапатталған. Сонымен қатар  Геннадий Головкиннің бірінші бапкері  Дмитров Виктор Константиновичпен кездесіп, бокс  спортының  қыр-сыры туралы тағылым  алған.

Өз тілшімізден

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial