Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұқанова Салтанат Аққошқарқызының төрағалығымен «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.



Отырыс барысында аудан әкімінің өкімімен арнайы құрылған комиссия мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған ұлттық байқауда бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін қатысушылардың құжаттарын қарап, бейне-роликтерін көрді.
Биылғы байқау комиссиясының құрамында Нұра ауданы әкімінің орынбасары С.А.Мұқанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.А.Аубакирова, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.А.Мұсабаев, «Аманат» партиясы Нұра аудандық филиалының жауапты хатшысы Д.Т.Алшынбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Қ.Нұрмағанбетов, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Т.И.Смаилова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.С.Ермекова, «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссия жөніндегі бас инспекторы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы А.С.Боранбай, «Іскер әйелдер кеңесінің» төрайымы О.Г.Илензеер, «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Г.Б.Алимбаева бар.
Үздік отбасыларды айқындау кезінде комиссия отбасы мүшелерінің әрқайсының жеткен жетістіктеріне мән берді (отбасы тарихы, визит картасы, таныстыру рәсімі). Сонымен қатар отбасылық дәстүрлер, адамгершілік құндылықтары, балалары мен немерелерінің шыққан биіктері назардан тыс қалмады. Отбасының қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы (қайырымдылық, меценаттық), қамқоршылық, тәлімгерлік істері де есепке алынды.
Комиссия шешіміне сәйкес Изенді ауылынан өтінім білдірген Отарбаевтар отбасы жүлделі І орынды иеленсе, Нұра кентінен қатысқан Зарыкхан отбасы ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз атанған екі отбасының құжаттары облыстық кезеңге жіберілетін болады. Жерлестерімізге ұлттық конкурстың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз.
Ішкі саясат бөлімі