Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да, өнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер — қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Ауылдық жерде тұрып-ақ халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтар да жеткілікті. Солардың бірегейі — Ахмет ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Ивашкина Раушан Тлеулесқызы.
Отыз жылдан артық қызмет атқарып келе жатқан Раушан Тлеулесқызы — әр ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын тиянақты жан. Мәдениет үйінің меңгерушісі болып екі мың төртінші жылдан бері қызмет атқарады. Осы жылдар аралығында Раушан Тлеулесқызы өзін белсенді қызметкер ретінде көрсетіп келеді. Аудан көлемінде өткізілетін байқауларда өзін қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Тартысты сайыстарда қазылар алқасында мүшелік етіп, әділ шешім шығаруда да шынайылық танытады. Шағын ауыл болса да, халықты жұмылдырып тақырыптық дөңгелек үстел мен конференциялар өткізуде шеберлік танытты. Әсіресе, ауыл жастарын қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуына ықпал жасап келеді. Сондай-ақ, ол би және вокалдық үйірмелеріне жетекшілік етеді. Соның нәтижесінде аудандық деңгейде өткізілетін іс- шараларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Бірнеше дүркін облыстық және аудан әкімінің марапаттарына ие болды. Ауылдық жерде өткізілетін іс-шараларды өз уақытында өткізуге, еліміздің айтулы күндерін жоғары деңгейде атап өтуге бар күш-жігерін салуда. Осы уақыт аралығында өз жұмысын білетін нағыз маман ретінде көрсете білді. Жанұясында екі бала тәрбилеп отырған үлгілі ана.
Раушан Тлеулесқызы — өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып кететін ақжарқын, мәдениетті жан. Ауыл беделін арттыратын жарыстарда ауылдастарын жұдырықтай жұмылдыратын жанға мереке қарсаңында мықты денсаулық, бақыт, молшылық, жалыны мол күш-жігер, ұмтылыстар, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілеймін!
Рабиға Құтжанова
Мәдениет үйінің
көркемдік жетекшісі