Ауданымыздағы Қайнар ауылы — тіршілігі қайнаған, өңірі жайна-ған іргелі өңірдің бірі. Біздің тілге тиек еткелі тұрған  «Қайнар»  жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің спорт ком- плексіндегі қазақша күрес жүргізілуінің барысы өз алдына бір төбе. Комплекс құрылысын   бастаған сәттен-ақ     ауылының  дарынды  басшысы Нығметов       Сейітжаппар Алшынбек-ұлы   жұмыс барысын алдын ала бағамдап, жоспарлап та қойған болатын. Алыстан арбаламай-ақ ауылының белді механизаторы, қазақша күрестен бірнеше дүркін чемпиондық дәрежеге ие болған Абдрахманов Александр Равильевичті бапкер болуға бірден-бір лайық жан деп шешкен еді. Ауылының ертеңі болар жастар мен жеткіншектердің жағдайын жасауды көздегені ақиқат.  «Сенім  сеңді бұзады» дегендей, Александр да жұмысын абыроймен атқаруға, жас спортшыларын қазақша күреске баптауда жұмыс режимін бұзған емес. Дүйсенбі- жұма күндері сағат кешкі алтыдан сегізге дейінгі уақытта дайындық  жүргізіледі.

  Ауыл әкімі Садыков Азамат Абдрашұлы қазақша күрестің жүргізілуі мен оған қатысушылардың ықыластарын, ата-аналарының алғыс ниеттерін қуана жеткізді. «Ауыл балаларының бойында ерекше құштарлық пен ұмтылыс бар.  

 Уақыттарын тиімді пайдаланумен бірге денсаулық, дене күтімі, ұлттық спорт түрін дамыту мен насихаттауда Александр Абдрахмановтың ісін мақтанышпен айтуға болады. Бес бала өсіріп тәрбиелеп отырған оның бойынан еш салғырттық байқамайсыз». Иә, шын мәнінде, жұмысы десе көзі жанатын Александр қазақша күреске  жетінші сыныпта оқып жүргенде келсе керек. «Әлі есімде, қазақша күреске келгенде небары 13-14 жас шамасында болсам керек. Қорқақтап, байқайыншы деп келген едім. Дегенмен алғашқы тренерім Кабиев Ерболат Кашкинбаевич мені спорттың осы түріне бірден баурап әкетті. Спортқа деген қызығушылығымды  оятты. Ауылды жерде айналысатын тиімді, сүйікті ісіңнің болғанына не жетсін. Қаншама дүркін чемпионаттарға қатыстым. Жеңіліс те болды, жеңіс те болды. Ең үлкен жеңісім — қазақ күресінен ересектер арасындағы облыстық «Сарыарқа саңлағы» іріктеу турнирінен алған 1,2,3 орындарым болды. Республикалық деңгейге де шықтым,  бірақ орын алған жоқпын. Әр жеңіске сай дипломдармен, сыйақылармен марапатталдым, бірақ қазіргі уақытта дипломдарым сақталмаған. Дәлел ретінде тек медальдарымды ғана көрсете аламын»,- деді  бес баланың әкесі. Жұбайым Әбенова Назгүл бала тәрбиесімен айналысады. Таңертең шығарып салып, кешке күтіп алады», — деп жымиды. Сөзіне сендік. Сенбегенде ше,  басында он оқушы қатысатын  тобында бүгінгі күні 7-15 жас аралығындағы жиырма оқушы қатысып келеді. «Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес – күш жетілдіретін спорт. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Қазақ күресінің өзіндік талабы,техникасы бар. Осында еңбек еткен бес жыл ішінде тәжірибем толықты. Шәкірттерім әзірге аудандық жарыстарда жақсы жетістік көрсетіп отыр. Қашан да сенімнен шығуға тырысып-ақ бағамын. Барлық жетістіктер мен мүмкіндіктер үшін Нығметов Сейтжапар Алшынбекұлына өз атымнан және ата-аналар атынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Себебі спортқа қатысушылар өз қалталарынан еш ақы төлеп, қаражат шығарып көрген емес. Қалалық жерде болса ақы төлеп, ұзақ сонар кезекпен тіркелуге тура келуші еді. Менің де еңбекақымды Сейтжапар Алшынбекұл өз мойнына алып отыр. Әрі барлық жарыстарға қатысатын сәттегі демеушілік жасауда қашан да жомарттығын аяған емес. Алар биігіміз алда деп ойлаймын. Шәкірттерімді шынықтыра жүріп өзім де ширадым, шынықтым десем, артық болмайды».

  Иә, болат қайнауда шынығады. Айдарынан жел есіп,  жеңісті күнде жолыққанша делік.

Нұрыш Накупова

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial