Статистикалық мәлімет бойынша қыркүйек айында тамыз айымен салыстырғанда бағаның өсуі 6 тауар бойынша:

       Күріш 6,6% (378-403), сиыр еті 5,6% (2177-2299), сүт 8,2% (402-435), ірімшік 16% (1095-1277), жұмыртқа 19% (408-483), сары май 7,7% (3566-3842).

      7 тауар бойынша баға төмендеді, ол қарақұмық жармасы 1,1%-ға (656-649), күнбағыс майы 0,3%-ға  (996-993),  қырыққабат 16%-ға (133-112), сәбіз 40%-ға (241-145), картоп 28%-ға (217-156), пияз 50%-ға (236-118), қант 16%-ға. (716-604).

       Тауардың 6 түрі бойынша баға өзгеріссіз.

       Негізгі азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ.

Жанармай мен газ бағасы.

        АИ-92 – 182 теңге, АИ 95 – 210 теңге, дизельдік отын – 230 теңге, қысқы – 320 теңге. Автогаз бағасы – 70 теңге, тұрмыстық газ – 110 теңге.

Азық-түлік емес тауарлар.

       Азық-түлікке жатпайтын 13 тауардың 9-ында баға көтерілді (парацетамол 1,4%, ацетилсалицил қышқылы 1,7%, белсендірілген көмір 10%, этил спирті 6,6%, кір сабын 3%, кір жуғыш ұнтақ 9,2%, сусабын 11%, дәретхана сабын 3,4%-ға).

      Ақылы қызметтер бойынша қызметтердің бағасы әйелдер шаш қиюы 10%-ға, ерлердің шаш қиюы 6,2%-ға өсті.

Атқарылған жұмыс:

— Ауыл әкімдері және кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі  бойынша 112 меморандум жасалды. Тауар бағасының негізсіз өсуі анықталған жоқ, бағаның көтерілуіне қатысты ресми өтініштер түскен жоқ.

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселесі бойынша аудан кәсіпкерлерімен 3 кездесу өткізілді.

— рұқсат етілген шекті  баға: орамжапыраққа — 190 теңге, тұзға -66 теңге белгіленген. Қырыққабаттың орташа бағасы- 103 теңге, тұздың- 66 теңге.

  — жыл басынан бері 35 жәрмеңке өткізіліп,   ет өнімдері – 12 тонна, сүт өнімдері – 2,1 тонна, көкөніс – 5,2 тонна, қант – 2 тонна көлемінде сатылды.

— аудан әкімімен ауылшаруашылық басқармасы арасындағы Меморандумға сәйкес мамыр айынан бастап «Греф» ЖК арқылы тұрақтандыру қорынан келісіне 120 теңгеден, айына 45 тонна ұн жеткізіледі.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial