Жастар — жаңғыртудың басты қозғаушысы. Ел Президенті жастардың Жаңа Қазақстан тұжырымдамасының жаңару көзі болып саналатынын атап өтті, демек
Қазақстанның болашағы — жастардың қолында. Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін жағдайларын жасау туралы айтатын болсақ: ол біріншіден, сапалы білім, тұрақты жұмыс және табыс, тұрғын үй мәселесі, сонда ғана біздің жастарымыз толық қамтылған болады. Сапалы білімнің тең дәрежеде қолжетімді болмауы — әлеуметтік теңсіздіктің ең басты себептерінің бірі, демек, бірінші кезекте сапалы білімге қол жеткізу, екіншіден, тұрақты жұмыс және табыс, бұл жерде атап айтсақ, қазір жаз мезгілі болғандықтан, бізге уақытша жұмыс сұрап келетіндер көп. Олардың басым бөлігі — студенттер мен оқушылар. Біз оларға тапсырыс жеткізуші, даяшы және «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыстарын ұсындық. Қазіргі таңда «Жасыл ел» бағдарламасымен маусым, шілде, тамыз айларына жалпы 80 сарбаз қамтылған. Сарбаздар аудандағы жасыл желектерді баптап, көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден және қоқыстардан тазарту жұмыстарын атқарып жатыр. Заңнамаға сәйкес жұмыс уақыты жасына байланысты есептеледі. Мысалы, 14 жастағы балалар күніне 4 сағат жұмыс істейді, 16-18 жастан асқандар 6 сағат жұмыс істейді. Сарбаздардың жалақысы жұмыс көлеміне байланысты төленеді. Бұл жазғы демалыста өз уақытын бос өткізбей, еңбек еткісі келген жастарға үлкен қолдау деп түсінеміз.
Келесі «Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау. Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар; аз қамтылған отбасыларда тұратын, ата-анасының қамқорысыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жандар; мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар; көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға ерекше басымдық беріледі.
Сонымен қатар, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» бар. Ол — біздің өңір жастарының жұмыспен қамтылуын барынша ілгерілетіп тұрған жоба.
Егер жұмыссыздар қатарында болсаңыз, ең бірінші кезекте өңірдегі «Жұмыспен қамту орталығына» барып, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрасыз. Жалпы, қазіргі таңда барлығы сандық форматқа көшіріліп жатқаны белгілі. Қазір жұмыс іздеушілер мен берушілер арасын байланыстыратын электрондық еңбек биржасы бар. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыспен қамтуды ұйымдастырып, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары) өткізіліп келеді.
Жастарды жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалардың танымалы – «Дипломмен — ауылға!». Мұнда да бітіруші түлектер ауылдық жерлерге 7 бағыт бойынша барып, 3 жыл еңбек ете алады. Бағдарлама негізінде оларға бір реттік қайтарымсыз көтермеақы беріліп, және ең төменгі пайызбен 4 594 500 теңгеге дейін тұрғын үй алу үшін немесе жаңадан үй құрылысын бастау үшін несие беріледі. Бұл да — еңбек жолын ауылда бастап, мол тәжірибе жинауды көздейтін жастар үшін таптырмас мүмкіндік.
2022 жылғы 25 шілдеден бастап «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді болды. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады. Оны осы сілтеме бойынша толық ақпарат алуға болады: https://www.instagram.com/centrzanyatostinura/
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Жастар практикасы» бағдарламасына айтарлықтай өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, өту мерзімі мен жалақысы артты.
Жастар практикасы алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз жастарға арналған. Практикадан өтуге соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар жіберіледі.
Жастар тәжірибесі жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болып табылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 ай ішінде 30 АЕК мөлшерінде жүзеге асырылады. Оны осы сілтеме бойынша толық ақпарат алуға болады: https://www.instagram.com/centrzanyatostinura/
Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша айтатын болсақ,
«Алғашқы жұмыс орны»- алғаш рет жұмыс іздеп жүрген колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері, 29 жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы (жұмыс тәжірибесі жоқ ) жұмыссыздар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа алады, сонымен бірге жұмыспен қамту орталығы қатысушының жалақысын субсидиялайды, субсидияның мөлшері 30 АЕК құрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Нұра ауданы, Абай көшесі, 48, 4-кабинет. Анықтама телефоны: 21-3-99.
Осы аталған жобалардың, өткізілетін іс-шаралардың барлығы жастардың әлеуетін арттыруға және табысты әлеуметтендіруге, сондай-ақ NEET жастардың және жастар жұмыссыздығының үлесін төмендетуге бағытталған.

Альшимбаева Әлия Ансариқызы
Жастар ресурстық орталығының
бас маманы

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial