🦠 20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші арта бастады.
📈 Соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.
📈 Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ.
Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.
Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды құрайды.
💉 Қазіргі уақытта 5 млн астам адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 млн 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды.
©️ Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният