Жанбөбек ауылы «Жанбөбек» шаруашылық серіктестігінің мал шаруашылығымен айналысып келе жатқанына да жиырма бес жылдың көлемі болып қалыпты. Қыстың қамын аптап жаздың ыстығында жүріп-ақ шаруасын баптайтын қалыптан танбайтын шаруашылық басшысы Жанбөбек Жақсыбаевтың шаруашылығында үш жүзге тарта жылқы, бес жүзге тарта сиыр, үш мыңға жуық қой қамын қарамағындағы он бес-он алты адамымен-ақ домалатып отырады.

«Мал баққанға бітеді» демекші, осы азды-көпті мал жайын жарғақ құлағы жастыққа тиместен таңның атысы, күннің батысы демей, шапқылаумен тындырады. Аққолқадан елу-елу бес шақырым жердегі 5 мың гектар шабындықтың бүгінгі күні мың гектары шабылған. Осы күнде 800 тонна шөп дайындалды. Әлі де ауа райы ашық, қолайлы болса, 15-20 күннің ішінде екі жарым мың тонна шөп дайындауды жоспарлап отыр. Жақсыбаев Жанбөбек мырза:

Шөп дайындау — оңай шаруа емес. Мал азығын дайындауға жеке шаруашылық ісіне ауыл шаруашылығына икемді, жаңа техниканы толық меңгерген жігіттер кірісуде. Ең бастысы — ауа райының қолайлылығы. Өткен апталар жауынды-шашынды болғанымен, қазіргі кезде шөп шабатын, жинайтын, орамаға түсіретін қажетті алты МТЗ «Беларусь», шөп таситын «Урал» автокөлігі жұмылдырылған. Аптап ыстыққа қалдырып, шөптің құнары жоғалмай тұрған нағыз науқан осы маусым-шілде айлары кезінде жүргізіледі. Уақытты ұтымды пайдалана алмаған жағдайда шөп қурап, бойындағы нәрі азаяды. Сондықтан бар мүмкіндікті пайдаланып жатқан жайымыз бар. К.Кабылдинов, Б.Баймурзин, Е.Дулатов, А.Дулатов, О.Сенин, А.Сүлейменов, Е.Сүлейменов, М.Ырғайбеков, Н.Жакупов, А.Төлегенов сынды механизаторлардың еңбектері мақтауға тұрарлық. Шөп шабу науқанында он бес адам жұмыс істеп келеді. Олардың әрқайсысына жалақыдан бөлек өздеріне қажетті жеп-шөппен қамтылатын болады. Ауылдағы аз қамтылған отбасы мен кәрі-құртаңға мал азығы жем-шөп жағынан көмектесу жылдағы дағды, — дейді бізбен әңгіме барысында.
Иә, ауа райының биылғы жайы мол өнім алуға кедергі болмайды деп болжаммен айтуға болады. «Қыстың қамын жазда ойла» деген. Қалай болғанда да уақытты тиімді пайдаланып қалғанымыз абзал.

Нұрыш Нақыпова

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial