Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына өз үлесін қосу. Өздерінің еңбек жолын осы салаға арнаған мамандардың бірі — Шұбаркөл ауылдық әкімшілігінің бас маманы Сагидуллина Гүлсім Қайыржанқызы.
Табан аудармай деп атам қазақ айтпақшы, осы салада жиырма жеті жыл шынайы еңбек еткен екен. Ауыз толтырып мақтануға болатын дүние. Дегенмен мақтану, масаттану, дақпырт сөзден Гүлсімнің жаны аулақ. Қарапайым, бірқалыпты мінезімен, сыпайы сөзімен адам жанын баурап әкететіні анық. Ақмола облысы Астрахан ауданы Степной ауылында туылған еді. Тік, шындықты айтып салып отыратын бірбеткейлігінің өзі оның орыс халқы басым ауылда, орысшалау болып өскендігінен болса керек. Құдай қосқан қосағы Мұрат марқұм да артық сөзге жоқ, өз ісіне нық жауап беретін байыпты азамат еді. Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар алып жүрсе де, Гүлсім Қайыржанқызы еш мойымады. Халқына адал қызмет етіп, әдептен озған емес. Алдына келген әр азаматтың сұрағына нақты жауаппен сұрақтарының шешімін тауып, көмек қолын созудан еш шаршаған емес.

  • Көппен жұмыс істеу оңай емес. Біреудің көңілін тапсаң, енді біріне шешімің тіпті ұнамауы мүмкін. Мұндай жағдайда заңнан да, ардан да аттай алмасың анық. Жұмысқа адал, антқа берік боламын деген антымызға лайық жұмыс істеймін. Өзіңнің арыңның тазалығы еш ренішті мойынсынбай алға жетелейді. Мемлекеттік қызмет дегеннің артықшылығы осында, — деп сөзін қысқа қайырды. Жұмысқа қабілетті маман Гүлсім Қайыржанқызының талай сынақтан сүрінбесіне көзім жетті. Әңгіме арасында ұлы Қайролланың «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамында байланыс бөлімінің мастері болып қызмет атқаратынын, Жаннұр келіні екеуінен екі немере сүйіп отырғанын да білдім. Немерелерін сөз еткенде жанары жайнап, дауысының өзінен мейірімнің мекеніне енгендей болдым. Не деген қуаныш, шаттық десеңізші. Мейірім мекендеген жанұядағы Гүлсім Қайыржанқызының қызметте де мәртебесі асқақ болатыны анық.

Нұрыш Нақыпова

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial