Түс ауа сағ. 16:00-дегі Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың 60,80% -ы учаскелерге келіп өз конституциялық борышын орындаған. Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы. Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 сайлаушы қосылған. Baq.kz-тің өңірдегі тілшілері референдумның өту барысынан хабар таратты.
@referendum2022_kz