Нұра кентінде құрылысы басталған жабық хоккей кортын мердігерлер 15 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бір өзінің құрылысы республикалық телеарналарға арқау болған кортқа 2021 жылдың 12 шілдесінде мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Ақжол Қарағанды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен екі жылға шарт жасалған. Шарт бойынша 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсанында аяқталуы керек.
Құрылыстың жалпы құны 105,9 млн теңге болса, 2021 жылы 81,4 млн теңгесі игеріліп, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі құрылыс жұмыстарына 24,4 млн теңге қаражат бөлінген.

  • Жабық хоккей кортының құрылысы екі жылға арналған. 2022 жылға деп бөлінген қаржы бюджетке ақпан айында түсті. Негізгі келісім-шарт мерзімі желтоқсан айы болғанымен, мердігерлер нұралық спортсүйер қауымға деп ертерек тапсыруды көздеп отыр, — дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы міндеттерін атқарушы Нұржан Оралбаев.
    Бүгінде құрылыс жұмыстарының ең негізгі бөліктері аяталған. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қажетті материалдар құрылыс алаңына жеткізілген. Ендігі кезекте корт алаңының негізін дайындап, артқы қабырға құрылымын, шатыр жабынын, қақпалар мен есіктерді, орындықтарды, бүйір қабырға конструкциясын, хоккей кортының қабырғасын монтаждау және орнату жұмыстары кезегімен жүргізілуде. Сонымен қатар жарықтандыру мен құрылыс периметрі бойынша бетондау жұмыстары іске асып, футбол ойнауға арналған жасанды газонды төсеу жұмыстары қалған.

    Тазагүл ПІШЕНБАЕВА

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial