Шектеу іс-шараларын тоқтату және
Нұра ауданы Кертінді ауылы әкімінің
2022 жылғы 28 наурыздағы №4 «Нұра ауданы
Кертінді ауылының аумағында «Алимбаев» шаруа
қожалығына шектеу іс-шаралар белгілеу туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 02-13-231 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында «Алимбаев» шаруа қожалығында ірі қара малдың арасынан вирустық диарея ауруын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Нұра ауданы Кертінді ауылы әкімінің 2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 4 «Нұра ауданы Кертінді ауылының аумағында «Алимбаев» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Кертінді ауылының әкімі | Г.Т.Хасенов |