Аудандық мәслихат депутады және аудандық штаб мүшесі ретінде аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтің, Нұра аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Сейілхан Қоңырбаевтың қатысуымен Жараспай ауылы тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында еліміздегі науқан, Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулердің мән-мағынасы түсіндірілді.
«Конституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара.
Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:
1 Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
2 Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
3 Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
4 Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
5 Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республикалық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды.
Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық», деп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин жіліктеп көрсеткен мақаласының негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial