
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылға 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Референдум жұмыстары бойынша Нұра ауданында түсіндіру тобы құрылды. Аудан әкімінің орынбасары Мешітбай Жұмановтың қатысуымен аудандық мәслихат депутаты және штаб мүшесі ретінде Тазагүл Пшенбаева Нұра ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Нұра ауданы № 25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу өткізді.