7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында аудан әкімі Аян Шалмағанбетов Нұра аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерін қабылдап, құттықтады.
- Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі – 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен және ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығымен құттықтаймын!
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтататын, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн, — деп аудан әкімі Аян Шалмағанбетов құттықтау барысында атап өтті.
Салтанатты шара марапаттау рәсіміне жалғасты. Осы кездесу барысында Нұра ауданы әкімінің Алғыс хатымен Қарулы күштер ардагерлері Станислав Иващенко, Владимир Вишницкий, жергілікті әскери басқару органының зейнеткері Қайролла Жолболдин және Нұра аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің капитаны Нұрхайыр Алькенов, сержант Әділ Омаров, азаматтық персоналдары: Қалқаш Ашкенова, Ольга Гуляева, Светлана Завгородняя, Камила Нуртазиналар мен қызметші Ермек Ахметов марапатталды. - Өз тілшімізден