«Жасыл ел» ЖЕЖ қатарына 14-28 (қоса алғанда) жас аралығындағы жастар шақырылады. 2022 жылы 1975 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Еңбек жасақтарының сарбаздары елді мекендерді көгалдандырумен және абаттандырумен айналысатын болады.
Еңбекақы төлеудің жаңартылған моделіне сәйкес бес күндік жұмыс аптасы кезінде бір айда толық жұмыс істеген сарбаздың жалақысы 14 жастан 16 жасқа дейін (күніне 4 сағат) 60 мың теңгені, 16 және одан жоғары (күніне 6 сағат) 90 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, әрбір сарбазға фирмалық киім (спорттық костюм, футболка, кепка, рюкзак) беріледі.
Қарағанды облысы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ай сайынғы негізде жұмыс істейтін болады.
Еңбек маусымына қатысу үшін 1-31 наурыз аралығында қала және аудандар жастар ресурстық орталықтарына жүгініп, тіркеу нысанын толтырып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Өтінім берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Егер Сіз кәмелетке толмаған болсаңыз, Сізге ата-ананың немесе заңды қамқоршылардың жазбаша рұқсаты қажет.
2. Студенттерге оқу орнынан анықтама.
3. Эпидорталығы туралы терапевтен анықтамасы. Оны тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады.
4. Жеке банктік шотының болуы туралы анықтама.
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарға жатқызылатын мәртебесін растайтын құжат (бар болса)
Толық ақпарат, жастар ресурстық орталықтарының мекенжайлар мен байланыстар «Жастарды жұмысқа орналастыру» қосымша бетінде: https://t.me/JASPROKRG_Bot