Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда.Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударыладыҚайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. ✔️ Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда.🔺 Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Білім беру нысандары сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Спорт нысандары бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.🔸 Шалғайдағы елді мекендерде медициналық көмек көрсету үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында медициналық мекемелер құрылады. Су құбыры желілерінің құрылысы 2025 жылға дейін еліміздің барлық қаласы мен ауылын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етудің стратегиялық мақсатына сәйкес келеді, бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам.Жаңа құрылыс нысандары бой көтереді📌 Өңірлерде қайтарылған активтер қаражаты есебінен білім беру мекемелері, спорт кешендері, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда. ▫️Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынуда. Жабық спорт ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға арналған орындарды қосқанда, 3598 орынға есептелген. Құрылыс UEFA халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілуде.▫️Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылуда.▫️Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.▫️Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтерге ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Медициналық мекемеде 2 ғимарат: 148 орындық стационар және 24 төсек-орындық клиниканың пациенттеріне арналған қонақ үй жоспарланған.Бас ғимаратта заманауи медициналық жабдықтармен зертханалар, радиациялық диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері жабдықталады. Жаңа Орталық науқастарға емдеудің және оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар қайтарылған активтер есебінен өңірде тағы 8 жоба іске асырылуда, оның 2-еуі – денсаулық сақтау және 6-ауы – сумен жабдықтау саласында.▫️Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Арнаулы мемлекет қор қаражаты есебінен Соколов, Булаев және Пресновский топтық су құбырларын қайта жаңарту, сондай-ақ Көкшетау топтық су құбырына қосылған Айыртау ауданы мен Шал ақын ауылдық елді мекендеріне жаңа су құбырлары мен бұрмалар салу жүріп жатыр. ▫️Қарағанды облысында 7 ауданда 51 денсаулық сақтау объектісін – дәрігерлік амбулаторияларды, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді салу жоспарлануда.▫️Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылуда. Қайтарылған активтер есебінен екі медициналық нысан ашылды. Аршалы ауданының Арнасай ауылында 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, ал Бұланды ауданының Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. 1 мыңнан астам азаматы бар үш елді мекеннің тұрғындары уақтылы медициналық көмекке сене алады.📱 @KZgovernment

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial