Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Министрлік даму әлеуеті бар ауылдарды анықтаудың жаңа әдістемесін әзірледі. Біздің еліміздегі 6,5 мың ауылдың шамамен 3,5 мыңы анықталды, оның ішінде 1150 — тірек ауылдар, қалғандары — спутниктік және шекара маңындағы, сондай-ақ даму әлеуеті бар ауылдар. Біз оларды осы әдістеме бойынша анықтадық, қазір осы елді мекендерде ауыл тұрғындарының 85% — ы тұрады.

Бұл жоба 7 жыл бойы жұмыс істейді деп болжануда және біз осы елді мекендердегі барлық әлеуметтік–инженерлік инфрақұрылымды 2027 жылға дейін жаңғырта аламыз. Бұл ауыл экономикасының дамуына серпін береді. Оған қоса, қалаларда ғана емес, ауылдарда да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар дәл осы тірек ауылдарға бағытталатын болады. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша біз 2027 жылға қарай осы ауылдық елді мекендерде ауыл халқының шамамен 90%-ы тұрады, яғни 7 млн адам сапалы әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі деп күтеміз.

Аудан бойынша 10 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеуде. Оның ішінде сүт, ет және өсімдік шаруашылығы бағытында. Аталған кооперативтерде 20-дан астам адам жұмыс істеуде.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

А. Оразбеков 
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы         
                  

от Oljas

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Wordpress Social Share Plugin powered by Ultimatelysocial